(727)244-65-05
Написать нам

Жиі қойылатын сұрақтар

Жиі қойылатын сұрақтар

Инвестор болу үшін қандай сома қажет?

Инвестор болу үшін жинағыңыздың соншалықты көп болуы міндетті емес. Тіпті 100 мың теңгенің өзі қазақстандық компанияның, мысалы, «Қазақтелеком» АҚ-ның  шағын акциялар пакетін алуға жеткілікті болады.
 

Инвестициялар бойынша табыс кепілденген бола ма?

Табыс алуға кепілдік берілмейді. Құнды қағаздар нарығында инвестиция салу тәуекелдермен қатар жүреді және нарықтың белгілі бір бағытта құбылуынан ешкім де кепілдік бере алмайды. Мемлекет те, басқарушы компания да табыстылыққа кепілдік бермейді. Яғни, бұл істе пайда алуыңыз да, шығынға ұшырауыңыз да мүмкін.
 

Құнды қағаздарға инвестиция салудан қалай табыс алуға болады?

Бірнеше әдістері бар:
Инвестиция салудан негізгі табысты қаржы құралдарын Сіздің сатып алу бағаңыздан жоғары бағаға  сату алып келеді; 
Артықшылықты акцияларды сатып алу кезінде Сіз жыл сайын төленетін міндетті дивидендтерді аласыз; 
Сонымен қатар қарапайым акцияларды алу кезінде де жыл сайын дивидендтер төленуі мүмкін, алайда қарапайым акциялар бойынша төлемді жүзеге асыру міндетті болып табылмайды. Дивидендтерді төлеу туралы шешімді Акционерлердің жалпы жиналысы қабылдайды; 
Облигацияларды сатып алу кезінде ұстаушы ретінде Сізге эмитент купонды төлейді (әдетте жылына 2 рет).  

Брокерлік компаниялардың қызметтерін пайдаланбай құнды қағаздар нарығында акцияларды немесе басқа қаржылық құралдарды сатып ала аламын ба?

Жоқ. Брокерлік компаниялар құнды қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары болып табылады және сәйкес лицензиялары бар. Брокерлер сатып алушы мен сатушы арасында делдал ретінде қызмет етеді, яғни өз клиенттері атынан әрекет етеді. Егер Сіз акцияларды, облигацияларды немесе басқа да қаржылық құралдарды сатуға немесе сатып алуға ниет білдірсеңіз, Сізге брокерлік компаниямен шарт жасау қажет.  

Шотты ашу үшін қандай құжаттар қажет?

Жеке тұлғалар үшін:
1. Жеке куәлігі (немесе паспорт) және СТН.
Заңды тұлғалар үшін:  
 1. Заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің және статистикалық карточканың көшірмелерін (резиденттер үшін) беру;
2. Міндетті түрде нотариалды куәландырылған уәкілетті тұлғалардың қолтаңбаларының үлгілері бар карточканы беру;
3. Сауалнаманы толтыру.  

Басқа қалада тұрамын. Шотты қалай ашуға болады?

Біз Сізге электронды поштаңызға электронды түрде шартты, шотты ашу туралы бұйрықты, қолтаңбалар үлгілері бар карточканы жібереміз. Осыдан кейін Сіз құжаттармен танысып, оларды толтырып, қол қойып, жеке куәлігіңіз бен СТН көшірмелерімен қоса бізге пошта (мысалы Қазпошта) арқылы жіберуіңіз керек. Жеке куәлік, СТН және қолтаңба үлгілері бар карточкалар нотариуспен куәландырылуы тиіс. Құжаттарды алғаннан кейін біз де қол қойып, Сіздің атыңызға брокерлік шот ашамыз да, шарттың Сізге тиесілі нұсқасын Сіздің мекен-жайыңызға жібереміз. Осыдан кейін Сіз ақшаны шотқа аударып, саудаға кірісуіңізге болады.     

Шетел компанияларының акцияларын сатып ала аламын ба? Бұл үшін қандай сома керек?

Ия. Біздің компания Лондон, Нью-Йорк, Франкфурт, Торонто, Гонконг және т.б. сияқты қаржылық орталықтардағы ірі биржалық алаңдарға тікелей қолжетімділікке ие, бұл кезде минимальді шек белгіленбеген.  Тек Сізге әрбір сатып алуыңыз алдағы комиссияларды есепке алуы тиіс екенін және болашақ табыс оң көрсеткішті болуы үшін оларды жабуы керек екенін еске ұстауыңыз керек. Халықаралық нарықтағы шығындар жергілікті нарықтағыға қарағанда жоғары болғандықтан, сәйкесінше бұл биржаларға да үлкен көлемдегі капиталмен шыққан дұрыс.   

Нарықтарда сауда жасау үшін сауда платформасы беріле ме?

Қазақстан қор биржасында (KASE) сауда жасауға ниеттенген клиенттер үшін біз E-trade сауда платформасын ұсынамыз. Кілтті алып, платформаны Өзіңіздің жеке компьютеріңізге орнатқаннан кейін, Интернет желісіне қолжетімділік болса, Сіз нақты уақытта сауда жасап, нарықтағы қозғалысқа бақылау жүргізе аласыз.  
Халықаралық нарықтарда сауда жасау үшін, өкінішке орай, платформа әзірге берілмейді.  

Брокерлік қызметтің инвестициялық портфельді басқару қызметінен айырмашылығы қандай?

Брокерлік қызмет көрсету кезінде брокер тек клиенттің тапсырмасын орындайды, яғни клиент қандай қағаздарды сату/сатып алу керектігі туралы шешімді өзі қабылдайды.  
Инвестициялық портфельді басқару қызметінің брокерлік қызметтен айырмашылығы -қаражатты инвестициялау процесін басқару компаниясы өзіне алатындығында. Компанияның мамандары клиенттің табыстылығы мен тәуекелдерге орай болжалына сәйкес инвестициялық портфельді қалыптастырады және қажетті түзетулерді енгізу арқылы, күн сайын оның жағдайын тексеріп отырады.  Басқа сөзбен айтқанда, Сіз өз қаражатыңызды басқаратын компанияға бересіз, ал ол оларды инвестициялайды. Осы үшін басқаратын компания клиенттен басқару үшін комиссияны, сонымен қатар «табыстылық үшін» комиссияны алады. Демек, басқаратын компаниялар клиенттің оң көрсеткіште болуына мүдделі болады.  

Басқару үшін комиссия мөлшері қанша болады? Табыстылық үшін сыйақы қалай есептеледі?

Басқару үшін комиссия портфельдік орташа құнның жылдық  2% құрайды. Табыстылық

үшін сыйақы – Казкоммерцбанктің «Ең жақсы» депозитінің мөлшерлемесінен нақты асу мөлшерінен  – 25%.  
Мысал: Казкоммерцбанктің 12 ай мерзіміне берілетін «Ең жақсы» депозитінің мөлшерлемесі жылдық  9% құрайды. Біз Сіздің инвестициялық портфель бойынша табысты жылдық 24% мөлшерінде көрсетеміз делік. Бұл жағдайда табыстың «Ең жақсы» депозитінің мөлшерлемесінен асуы 15% құрайды. Біздің табыстылық үшін алынатын сыйақымыз асу мөлшерінің 25% құрайды, сәйкесінше ол 3,75% құрайды. Нәтижесінде Сіздің портфеліңіздің таза табыстылығы жылдық 20,25% құрайды.  
Ескерту: табыстылық көлемі Ең жақсы» депозитінің мөлшерлемесінен аспаған жағдайда, табыстылық үшін сыйақы алынбайды.  

Инвестициялық портфельді басқаруда минимальды шек қандай?

Бұл өнім тек ірі жеке инвесторларға беріледі. Бүгінде 5 млн теңгесі бар кез келген ниет білдіруші тұлға Казкоммерц Секьюритиз клиентіне айнала отырып, инвестициялық портфельді жеке басқару бойынша сапалы қызмет ала алады.  

Жаңадан келгендерді оқытумен айналысасыздар ма?

Өкінішке орай, тікелей оқытумен айналыспаймыз. Алайда біздің сайтта «Инвестор көмекшісі» бөлігінде біз мақалалар түрінде оқыту материалдарын жариялап отырамыз. Бұл мақалалар Сізге өз пайдасын тигізеді деген үміттеміз.  

ИПҚ деген не?

Инвестициялық пай қоры – жарна төлеушілердің қаражаты кейін құнды қағаздарға инвестициялау үшін Басқаратын компанияның кәсіби менеджерлеріне берілетін инвестиция түрі. Осылайша, ИПҚ орташа инвесторларға құнды қағаздардың диверсификацияланған портфелін алуға мүмкіндік береді.   

Пай деген не?

Пай иесінің үлестік қордың белгілі бір бөлігін алуға құқығын куәландыратын атаулы құнды қағаз болып табылады. Пай құжатсыз түрде әрекет етеді. Клиенттің пайс иегеріне айналуын растаушы дәлел ретінде алынған пайлар көлемі көрсетілетін тәуелсіз Тіркеуші берген тізілімнің көшірмесін беруге болады.  
Пай қорларының қызметін белгілі бір органдар реттей ме?
Ия. Пай қорларының қызметін мемлекет, соның ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі реттейді. Басқарушы компаниялардың реттеуші орган берген инвестициялық портфельді басқару бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензиясы болады.  

Қалай «Ең жақсы» Қорының пай иегері болуға болады?

Қордың пай иегеріне айналу үшін, Сіз пайды алуға өтініш беруіңіз керек. Бұл өтінішті біздің кеңседе, сонымен қатар Homebank.kz қаржылық порталында толтыра аласыз немесе біздің сайтымыздан ала аласыз. Өтінішті бергеннен кейін «АТФ Банк» АҚ банк-кастодионда ашылған Қордың шотына ақшаны аударуыңыз қажет. Айта кететін жайт, пайды алуға өтінішті беру жұмыс күндері жүргізіледі.    

Загрузка данных, пожалуйста подождите…