Казкоммерц Секьюритиздің қолдауымен Еуразиялық даму банкі теңгемен жаңа облигациялардың шығарылымын орналастырды.

Алматы, 2018 жылғы 13 маусым. Еуразиялық даму банкі жалпы көлемі 50 млрд. теңге болатын «Қазақстандық қор биржасы» АҚ (KASE) сауда жүйесінде облигациялардың үш шығарылымын кезекті мәрте сәтті орналастырды. Ағымдағы жылдың мамыр айында Банк Қазақстанда әлеуетті инвесторлармен кездесу өткізіп, кездесу нәтижесі бойынша осы жылы өз облигацияларын бірінші рет орналастыру жайлы шешім қабылдады. Айналы мерзімі 3 жыл құрайтын орнаалстырылған облигациялардың жалпы номиналды көлемі 50 млрд. теңге құрады, сатып алушылардың өтінімлері орындалған болатын купон мөлшерлемесі жылына 9,10 пайыз құрады. Moody’s рейтингтік агенттігі облигацияларға ағымдағы банктік рейтинг деңгейінде халықаралық несиелік рейтинг, яғни Baa1 берген болатын. Сауда-саттық барысында инвесторлардан жалпы көлемі 54 млрд. астам теңге құрайтын 35 өтінім берілген болатын, олардан кесу мөлшерлемесі облигацияларға сұраныс орналастырудың көлемінен асып кетті. Листинг және облигацияларды орналастыру барысында, Еуразиялық даму банкін сүйемелдейтін қаржылық кеңесші мен андеррайтер «Казкоммерц Секьюритиз» АҚ болды.

Аталмыш орналастыру қазақстандық инвесторлар тарапынан Банктің облигацияларына тұрақты қызығушылықтың болуын ғана емес, сонымен қатар шектелмеген инветсорлар тобы арасында Банктің облигацияларын нарықта орналастыру мүмкіндігін кезекті мәрте көрсетті. Бұл ретте орналастыру мемлекеттік бағалы қағаидардың қисығына барынша аз спрэдпен өткізілген болатын. Бұл сенімді эмитенттердің қаржы құралдарын орналастыруы үшін нарықтың оң беталысы мен конъюнктурасын көрсетеді. Сауда-саттыққа инвесторлар құрамына Қазақстанның ең ірі банктері, ҚР Ұлттық банкісі, Республиканың сақтандыру нарығының қатысушылары, бөлек брокерлік компаниялар кірді.

ЕАДБ активтер және пассивтер жөніндегі басқарушы директоры Дмитрий Ладиков – Роев: «Қазақстанда Банктің жобалық қызметі тарапынан ұлғаюшы сұранысын қаржыландыру тұрғысынан осы шығарылымның табысты болуы біз үшін маңызды. Нарықта үлкен көлемді және МБҚ қисығына төмен спредпен ресурстарды алу мүмкіндігі ЕАДБ инвестициялық жобаларын іске асыру үшін өте маңызды алғышарт болып табылады. Инвесторлар тарапынан Банктің облигацияларына деген үлкен қызығушылығын көргеніміз үшін біз мақтанамыз. Сонымен қатар кезектә мәрте табысты орналастыруға Казкоммерц Секьюритизге қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіргіміз келеді, - деп атап өтті.

«Казкомерц Секьюритиз» АҚ басқарушы директоры, Басқарма мүшесі, Тимур Салимов «Аталмыш орналастырудың осы жылы МБҚ қисығына барынша аз сыйақымен алғашқы елеулі жергілікті орналастыру болып табылатыны есте қаларлық жайт. Ағымдағы жылдың басынан ҚРҰБ базалық мөлшерлемесі 1,25 ж.б. төмендеді және орналастыру мезетіне 9% құрады, жоғары сапалы облигацияларға жақсы сұраныс кемінде үш жылға табыстылық мөлшерлемесін тіркеуге нарықтың ниетін білдіреді, бұл жалпы алғанда жақын арада инфляцияның қозғалысы және базалық мөлшерлеме бойынша біздің сарапшылық болжамымызды көрсетеді. Сонымен қатар осы мәміленің Қазақстанда халықаралық қаржы ұйымының облигацияларын ірі орналастыруынан тұратындығынан, бағалы қағаздардың жергілікті нарығы үшін бетке ұстарлық болып табылатынын атап өткізім келеді», - деп түсіндірме берді.

Анықтама:

Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) 2006 жылдың қаңтар айында Ресей мен Қазақстан қатысушы мемлекеттердің нарықтық экономикасына, олардың тұрақты экономикалық өсіміне және өзара сауда-экономикалық байланыстарының кеңеюйіне құрылтайлаған қаржылық ұйым болып табылады. ЕАДБ жарғылық капиталы 7 млрд долл. құрайды. Банкке қатысушы мемлекеттер Армения Республикасы, Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы болып табылады.

ЕАДБ жайлы толық ақпаратты http://eabr.org/ сайтынан қараңыз.

«Казкоммерц Секьюритиз» АҚ брокерлік қызметтерді, бағалы қағаздар саудасын, қаржылық консалтинг пен андеррайтингті (қарыз және үлестік бағалы қағаздарды шығару мен орналастыруды ұйымдастыру), корпоративтік қаржыландыру қызметтері, инвестициялық қоржынмен басқаруды және аналитикалық қызметтерді қоса алғанда, инвестициялық-банк қызметтерінің толық кешенін көрсететін, Қазақстандағы жетекші инвестициялық банктердің біреуі болып табылады.

14.06.2018

Global
Finance
  • Global Finance
  • «Казкоммерц Секьюритиз» АҚ
  • 2018 жылдың Қазақстандағы үздік
  • инвестициялық банкі деп таныды

 

Казкоммерц Секьюритиз 2018 жылы Қазақстанның үздік инвестициялық банкі болып танылды.

«Казкоммерц Секьюритиз» АҚ, «Halyk Group» қатысушысы, Global Finance зерттеуінің нәтижесі бойынша, «2018 жылы Қазақстанның үздік инвестициялық банкі» («The Best Investment Bank in Kazakhstan 2018») номинациясында жеңімпаз атанды. Бұл ақпарат Global Finance журналының сәуір айындағы санында жарыққа шығады.

Баға қою және жеңімпаздарды іріктеу үшін Global Finance редакциясы салалық сарапшыларды қатыстырып, компанияның нарықтық үлесі; мәмілелердің саны және жиынтық көлемі; клиенттерге кәсіби қызмет көрсету және кеңес беру деңгейі; мәмілелерді құрылымдау бойынша инвестициялық мүмкіндіктер; филиалдық желіні пайдаланудың тиімділігі; ағымдағы нарық жағдайларында алға қойылған міндеттерді іске асыру үшін талап етілетін күш-жігер; инвестициялық тәсілдерді пайдалану; бағалы қағаздарды орналастыру кезіндегі баға белгілеу факторлары; нарықтық бағаның, орналастырылған бағалы қағаздардың екінші нарықтағы серпіні және бағаланатын компанияның нарықтағы беделі сияқты өлшемшарттарды ескеретін өз әдістемесін пайдаланды. Талдау шеңберінде 2016 жылдың 4 тоқсанынан бастап 2017 жылдың 3 тоқсанына дейін мәлімделген немесе аяқталған мәмілелер қарастырылды.

2017 жылы Казкоммерц Секьюритиз орналастырған борыштық бағалы қағаздардың жалпы көлемі 179,5 млрд. теңгені құрады, бұл компанияның нарықтағы 59%-дан астам үлесін қамтамасыз етті. Барлығы 5 эмитенттің теңгедегі облигацияларының 12 шығарылымы орналастырылған болатын.

Институционалдық инвесторлар тарапынан жоғары қызығушылыққа, сондай-ақ орналастырудың нарықтық және бәсекелестік сипатына байланысты жалпы көлемі 35 млрд. теңгені құрайтын Еуразиялық даму банкінің облигацияларын шығару және орналастыру Казкоммерц Секьюритиздің өткен жылдағы анағұрлым айтулы мәмілесі болды. Global Finance туралы барынша егжей-тегжейлі ақпаратты https://www.gfmag.com/ сайтынан қараңыз

27.02.2018

Forbes Kazakhstan бизнес-басылымының нұсқасы бойынша, KazKom Securities Қазақстанның инвестициялық банктері рейтингінде бірінші орынды иеленді.

Біздің компаниямыздың Басқарма төрағасы Шыңғыс Жақсыбек журналған берген кеңейтілген сұхбатында қор нарығында ағымдағы жағдай жөнінде, оның кең мүмкіндіктері жөнінде және инвестбанкирлердің классикалық банктерге артық өтімділікті жеңіп шығуға қалай көмектесе алатындығы туралы айтып берді.

«Біз үшін өткен жыл мерейтойлы болып, нарыққа шыққанымызға 20 жыл толды». Біз елдегі ең ірі «Халық» банк тобына кірдік. World Finance-тан «Қазақстанның үздік инвестициялық банкі» наградасын алдық

Біздің KASE «көгілдір фишкалар» атты индексіміз 2017 жылы 60%-дан жоғары өсіммен дүниежүзіндегі көшбасшылардың қатарынан көрінді. ЖІӨ-ге акциялар нарығын капиталдандыру соңғы екі жылда 15-тен 30-ға дейін өсті, дегенмен бұдан да жоғары нәтижеге қол жеткізу басты мақсат болмақ: Батыста бұл көрсеткіш 100%-дан асады», - делінген мақалада.

Шыңғыс Жақсыбек: «Егер ішкі жұмыстарымыз жөнінде айтатын болсақ, онда жоба бойынша бір жыл жұмыс жүргізілгеннен кейін біз QTrader тұғырнамасын іске қостық. Ол тұғырнамааралық болып табылады, яғни десктоптан, сондай-ақ iOS және Android арқылы мобильді нұсқалардан жұмыс істеуге болады, жеке-дара клиентке, сондай-ақ корпоративтік клиентке де есептеліп жасалған», - деп атап өтті.

Осы және өзге де көптеген мәселелер туралы Forbes Kazakhstan журналының жаңа шығарылымынан оқи аласыз.

01.02.2018