(727)244-65-05
Бізге жазу
Онлайн-кеңесші

Компания туралы

Казкоммерцбанк тобы

Казкоммерцбанк (КАЗКОМ) Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең ірі банктердің бірі болып табылады. Негізгі банкілік бағытпен (бөлшек және корпоративтік) қатар КАЗКОМ-ның зейнетақы және қаржы активтерін басқару, сақтандыру және брокерлік қызметтер салаларында қызмет атқаратын бірнеше еншілес компаниялары да бар. Сонымен қатар КАЗКОМ-ның Ресей Федерациясында, Қырғызстанда, Тәжікстанда өз еншілес компаниялары бар.

Еншілес компаниялар:

Казкоммерцбанк саудалық және жобалық қаржыландыруды, инвестициялық жобаларды қаржыдандыруды, активтерді басқаруды, сонымен қатар қысқа мерзімді несиелендіру мен басқа да жалпы банкілік қызметтерді қоса алғанда, орта және ірі қазақстандық және Қазақстанда қызмет атқаратын халықаралық компанияларға түрлі өнімдер мен қызметтерін ұсынады. Ликвидтіліктің жоғары-деңгейін ұстап тұруды көздейтін банк саясатына сәйкес ол әдетте несиелерді корпоративтік клиенттер үшін 18 айға дейінгі мерзіммен береді, сонымен қатар қазіргі таңдағы қолжетімді ресурстарға сәйкес ұзақ мерзімдік несиелер-де береді. Банк сондай-ақ, өзінің Қазақстандағы негізгі корпоративтік клиенттері үшін шетел банктерімен синдикацияланған несиелерді ұйымдастырып, Ресей мен Қырғызстандағы ірі корпоративтік клиенттерін-де қаржыландырады.

Loading data, please wait…