Тарих
Қазақстандық қор нарығының тарихында Казкоммерц Секьюритиз талай құлдырау мен өрлеу кезеңдерін басынан өткере отырып, нарықтың көшбасшысы болып келді. Алайда болашаққа сеніммен қарау, экономиканың дамуы мен өсуі динамикасы, сонымен қатар халықтың хал-жағдайының дамуы Қазақстан қор нарығының инвестициялау үшін тартымды болуына әсер етеді.
Компания дамуының негізгі кезеңдері:
- 1997 жылғы 30 қазан — «Global Kazkommerts Securities» ЖАҚ-тан бөлініп шығу және Қазақстан Республикасындағы алғашқы инвестициялық компанияның — «Казкоммерц Секьюритиз» Ашық акционерлік қоғамының мемлекеттік тіркеуден өтуі.
- 1997 жылғы 06 қараша — Казкоммерц Секьюритиз Қазақстан Республикасында Құнды қағаздар нарығы туралы заң қабылданғаннан кейін алғашқылардың бірі болып клиенттердің шоттарын номиналдық ұстаушы ретінде жүргізу құқығымен құнды қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызмет атқаруға лицензия алады.
- 1997 жылғы 15 шілде — 50 млн, АҚШ доллары сомасына Қазақстандағы алғашқы, АҚШ пен Еуропада институционалдық инвесторлар арасында Казкоммерцбанк үшін Американдық және Жаһанды депозитарлық қолхаттар бағдарламасын жеке орналастыру бойынша лид-менеджер.
- 1997 жыл — Euromoney және Central European беделді халықаралық қаржылық басылымы Казкоммерц Секьюритизді Орталық Азиядағы ең жақсы инвестициялық компания деп бағалайды.
- 1998 жыл — Euromoney және Central European беделді халықаралық қаржылық басылымы Казкоммерц Секьюритизді Қазақстан Республикасындағы ең жақсы инвестициялық компания деп бағалайды.
- 1998 жыл — Global Investor беделді халықаралық қаржылық басылымы Казкоммерц Секьюритизді Қазақстан Республикасындағы Ең жақсы аналитикалық топ және Ең жақсы инвестициялық топ деп атайды.
- 1998 жылғы 08 мамыр — Казкоммерцбанктің дебюттік Еурооблигацияларын 100 млн, АҚШ доллары сомасына шығарудың қосалқы менеджері.
- 1998 жыл — DAEWOO (Корея) корпорациясынан Қазақтелекомның акциялар пакетінің 40% алу бойынша қаржылық кеңесші және Қазақтелеком акцияларының 10% ішкі және халықаралық институционалдық инвесторлар арасында жеке орналастыру. Мәміленің жалпы көлемі 100 млн, АҚШ долларын құрады және екінші нарықтағы қазақстандық эмитенттер акцияларымен жасалған ірі мәмілеге айналды.
- 1998 жылғы сәуір айы — Қазақтелекомның, Turkcell компаниясының стратегиялық инвесторға сату процесіндегі қаржылық кеңесшісі, GSM ұялы байланыс жүйесінің алғашқы компаниясы болып табылатын «GSM Қазақстан» (K-Cell сауда маркасы) ЖШС акцияларының 51%. Мәміленің жалпы сомасы 60 миллион, АҚШ долларын құрады.
- 1999 жылғы 13 мамыр — екінші-деңгейлі нарықта Қазақтелекомның американдық және жаһандық депозитарлық қолхаттарын 144A және Regulation S.ережелері бойынша шығаруды ұйымдастыру.
- 1999 жыл — Euromoney беделді халықаралық қаржылық басылымы Казкоммерц Секьюритизді Қазақстан Республикасындағы ең жақсы инвестициялық компания деп атайды.
- 2001 жылғы желтоқсан айы — «Қазақтелеком» ААҚ облигацияларының алғашқы шығарылымын Қазақстанның ішкі нарығында орналастыру. Шығару көлемі 25 миллион, АҚШ долларын құрады.
- 2001 жылғы желтоқсан айы — «Қазақтелекомның» атаулы артықшылықты акцияларының көлемінің 2/3 бөлігін 17,732 млн, АҚШ доллары сомасына алғашқы эмисияның атаулы ірі облигацияларына ауыстыру.
- 2003 жыл — Орталық Азиядағы мұнай кен орындарын ірі жеке дайындаушылардың бірі болып табылатын, АҚШ-тың Chaparral Resources Inc. компаниясымен қаржылық консалтинг және инвестициялық банкинг кешенді қызметтерін көрсету туралы мәміле.
- 2004 жылғы қараша айы — Казкоммерцбанктің Group 4 Securitas Kazakhstan 49% үлесін алу бойынша лид-менеджер.
- 2006 жылғы қараша айы — Казкоммерцбанктің 864 млн, АҚШ долларына ЖДҚ жаппай орналастыру бойынша біріккен жаһанды координатор және қосалқы андеррайтер.
- 2007 жылғы наурыз айы — Cbonds Awards: «Облигациялардың ішкі нарығы (2006 жылғы қазақстандық эмитенттер облигацияларының андеррайтингі мөлшері бойынша)» номиациясында 1 орын.
- 2007 жылңы наурыз айы — Cbonds Awards: «Қазақстанның 2006 жылғы ең жедел дамушы инвестициялық банкі» номинациясында 3 орын.
- 2010 жылғы 18 тамыз — «Баян Сұлу» АҚ-ның қарапайым акцияларын Қазақстандық Қор нарығына 2,7 млрд теңгеге жаппай орналастырудың қаржылық кеңесшісі және андеррайтері.