(727)244-65-05
Бізге жазу
Онлайн-кеңесші

Компания туралы

Менеджмент

Басшылық

Айнабаева Шолпан Рахманқұлқызы — Казкоммерц Секьюритиз Басқарма Төрағасы.

Шолпан Айнабаева компанияда 2003 жылдан бастап қызмет атқарып келеді.

Өз кәсіби жолын Айнабаева ханым 1991 жылы Қазнесиеәлеуметтік банкте есептік-қарыз беру операциялары бөлімінің маманы лауазымынан бастаған болатын. 1992–1996 жылдар аралығында биржадағы мәмілелер үшін жауапты конверсиялық операциялар секторының жетекшісі лауазымында AlemBankKazakhstan жұмыс істеген. Сол мекемеде Шолпан Айнабаева ресурстарды тарту бөлімінде-де жетекшілік етті. Сонымен қатар Казкоммерцбанкте жаңа банкілік өнімдерді енгізу бөліміне басшылық етті. Одан кейін Қазынашылық департаментіне ауысты. Сонымен қатар, кейінірек Айнабаева ханым «GSM Қазақстан Қазақтелеком ААҚ" (K’cell) ЖШС-да қазынашы қызметін атқарды. Казкоммерц Секьюритизға келместен бұрын Трейдинг және сату депарматентінің директоры лауазымында «RG Securities» ЖШС-да брокерлік және дилерлік қызметтерді атқарды.

Шолпан Айнабаева — Ұлттық кәсіби корпоративтік директорлар тізілімінің мүшесі, Ernst & Young LLP өткізген «Жыл кәсіпкері 2007» конкурсының финалисті.

1991 жылы Ленинград қаржы-экономикалық институтын тәмамдаған. 2005 жылы Лондонда «Сапиенти» компаниясының «Еуропалық қаржылық міндеттемелер нарығы (еурооблигациялар)» біліктілікті көтеру курсын, 2006 жылы Парижде өткен International Financial Training Academy ұйымдастырған «Жеке элиталық капиталға қызмет көрсету» оқыту курсын аяқтаған.

Тасмағамбетов Дәурен Болатұлы — Казкоммерц Секьюритиздің Басқарушы директоры.

Дәурен Тасмағамбетов компанияда 2010 жылдың басынан бастап жұмыс істеп келеді.

Тасмағамбетов мырзаның кәсіби қызмет жолы 1998 жылы «Actis Systems Asia» ЖШС-да басталған, мұнда ол бизнесті дамыту менеджері болып үш жыл жұмыс істеген. Одан кейін 2001 жылы «B.I.P.S." ЖШС-на ауысып, серверлік шешімдер мен ERP-жүйелерді сатумен айналысады. 2003 жылы Тасмағамбетов мырза Казкоммерцбанкқа ауысып, 2005 жылға дейін «Казкоммерцбанк» АҚ-да инновациялық технологиялар басқармасында жетекші маман қызметін атқарады. Ал 2007 жылдан бастап Инновациялық жобалар басқармасына жетекшілік етеді.

Дәурен Тасмағамбетов 1998 жылы Қазақ мемлекеттік басқарма академиясының (ҚазМБА) Халықаралық экономикалық қатынастар факультетін тәмамдады. 2007 жылы Роттердамдағы Erasmus Universiteit, Rotterdam School of Management күндізгі бөлімін аяқтап, Іскерлік басқару магистрі дәрежесін алады (Master of Business Administration, MBA).

Акционерлер

«Казкоммерц Секьюритиз» АҚ-ның 100% акционері болып «Казкоммерцбанк» АҚ табылады.
Компанияның жарғылық капиталы 1 475 180 000 теңгені құрайды.

Директорлар кеңесі

Федосенко Денис Евгеньевич — Директорлар кеңесінің төрағасы

Айнабаева Шолпан Рахманқұлқызы — Директорлар кеңесінің мүшесі

Сартбаев Медет Мақсатұлы — Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі

Құдиярова Бақыт Махметқызы — Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі

Басқарма

Айнабаева Шолпан Рахманқұлқызы — Басқарма төрағасы

Ким Лев Геннадьевич — Басқарма мүшесі

Тасмағамбетов Дәурен Болатұлы — Басқарма мүшесі

Loading data, please wait…